Ана ыстық оттанда,
Әке өткір оқтанда,
Ана қарып,
Әке жүрек тескенде,
Қарсы оларға,
Қабақ шытып оқтанба.
Сыйламасаң әке менен анаңды,
Алла алдында дәрежең,
Артық емес боқтанда.
Әр лүпілі сен үшін,
Жүректері соққанда.
Әке ана жазасын,
Артық көрші соттанда,
Сонда ғана түзелер,
Сана менен тәрбиең,
Сені солмай өсірді,
Бар қылып бәрін жоқтанда.
Ана бұлақ-бал шырын
Әке асқар-тау шыңың.
Бақтары бар саялы.
Құрағындай жұмақтың,
Алақандары аялы.
Әкең болса әмірші,
Анаң болса аяулы.
Зымыраған заманның,
Күні өтсін баяулы.
Білмесең әке қадірін,
Өтемесең ана қарызын,
Жеті қат жерде жылаумен,
Күндерің туар таяулы.
Алаған қолын береген,
Амандық тіле Алладан.
Екі қолды жаюмен,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Бақытты қыл деп баламды,
Әке анаң мәңгі зарлаған.
Осындай өмір кешетін,
Анама өлең арнағам,
Әкеме жырды жалғағам.
Көрсетем әлі бақытты,
Жеткізші Алла сол күнге,
Бола гөр шексіз жар маған.
Қос қанатым бар кезде,
Қыраны болам самғаған.
Анама болам жұбаныш
Әкеме болам қуаныш;
Осындай күнге жеткіз деп,
Тілеп өтемін Алладан!!!
(с) Бақберген. Бағжан.
![Ана ыстық оттанда](https://sun9-56.userapi.com/impf/c836525/v836525680/17cf8/vLlpdmHfBvc.jpg?size=1024x768&quality=96&sign=965290211f35ebecb5159197b99e5e44&c_uniq_tag=N-lhOOvfF9_8pN3yeKr329kmsvbB8FNSxvLjTspFcJw&type=album)