Мына заман
Ақыр заман белгілері білінуде,
Оған өзім және де Құдай куә,
Ел іші, елдің сырты бүлінуде,
Қайтейін көргеннен соң қылмай куә.
Індеттей имансыздық жайлап жатыр,
Тәрбиесіз ұл менен ұлтымызды.
Түзейтіндей пайғамбар, болмаса да,
Бұрмалап жатқандар көп жұртымызды.
Азғындады рухани байлығымыз,
Қазақ қайда кешегі жауға шапқан,
Қараң болар екен деп қай күніміз,
Қорқынышты қайғырған сана жапқан.
Имансыз, тәрбиесіз ел жүдеді,
Жаны тоңды, тәні мүмкін тоңбасада,
Иманды тақуаға кеп күледі,
Діннен тіпті хабары болмасада.
Ұлы шапан, қызы хиджап кимеседе,
Түсіреді сәләфи деп далбасаға.
Қорқады келіндерден ата-ене,
Хиджап кисе айрылардай қақ босаға.
Ішсек дағы арақты харам еткен,
Таңдау салып жүреміз колбасаға.
Байлардың башпайынан сүйердейміз,
Кедей-кепшік жарасын таңбасада.
Отынан қорықсаңшы жеті тозақ,
Бұл өмірде жәй отқа жанбасаңда.
Отын болып жүрмейік әй жамағат,
Жәннәттә болайықшы таң-тамаша.
Батысқа көп еліктеп кеттік ау біз,
Секілді түрлеріміз сайықмазақ.
Іштен шыққан немеге үндемейміз,
Етседе елімізді жайып мазақ.
Салт-санамыз өшуде өкінбейміз,
Орнынан тұра алмай жүр тайып қазақ.
Күнәміз, күпіріміз күнде өсті,
Өтейтін пендемізге айып азақ.
Аласапыран дүние өтсе дағы,
Ішкі жағдай жіберді қатты қажап.
Он күнәнің тоғызы тіл емеспе,
Жоғалды ау мәдени құндылығың.
Адами, рухани байлықтағы,
Арзандаттық тым аса құнды бүгін.
Танылмай елді жырлар ақындарың,
Жұлдыз болды қаңғыбас, жынды бүгін
Репер дэп шығарып ең Сайлаубекті,
Естідің сондай жанның сұмдық үнін.
Елемей өлеңдерін Ринаттың,
Тыңдамадың елге арнаған сынды мұңын.
Даналар даламыздың данышпаны,
Берілмеген болсын соғыс надандыққа
Қисада кеудедегі қу жандарын,
Қимаған халқын әсте, жамандыққа,
Балалыққа құрығын ерте салып,
Үйренген еңбек пенен даналыққа.
Бозторғайың болып халқым шырылдайын,
Ұшпаған әлі алысқа, күн көгіне.
Ойымдағы мазалаған сан сауалды,
Шығарайын жырымменен ой төріне,
Үш жүзім бөлінбеңдер үш жақты боп,
Асығып кіріп кетпей өз көріңе.
Отаршылдық себебі осы бәле,
Кеткен қазақ бөлініп бет-бетіне,
Үш биім Қорқыттай боп күңіреніп,
Күн туған сол заманның бектеріне,
Түсінесің оқысаң қазақтардың,
Үңілсең тарихының беттеріне.
Жетпіс жыл езгі көрдің есіңдеме,
Естелік сол миыңа жетпедіме.
Шайтандай ән салып жүр балаларың,
Киелі сахнаның сәнін былғап.
Жауға шабар жастардың сиқы осыма,
Шашын бояп, сырға таққан, тәнін тырнап.
Табынып шығыс елдің стильне,
Қазақты мамбет дедің қолды бұлғап.
Құдайға зікір ету ойыңда жоқ,
Нәпсі оятар өлеңге жүрсің құлап.
Уақытыңды ләззәтпен өткізем деп,
Жүріп жүрме тозақта мәңгі жылап.
Ұл өсірген әкелер қайдасыңдар,
Кешегі Уәли менен Құнанбайлар.
Тәлімі тағдырына әсер етіп,
Дүниеге келген жақсы ұлы Абайлар,
Қазақтың қос бұрымды, сылқым, сұлу,
Қайдасыңдар әурет жапқан құралайлар.
Келін болып көзінен жас төгілмей,
Көтергендей тауқыметты құламай нар.
Ал бүгіннің қыздары керісінше,
Жігіт үшін жан беріп керісуде.
Шаш жұлысып алысқан палуандай,
Етек-жеңі жыртылғанша тебісуде.
Ақ босаға аттағаны былай тұрсын,
Шөп салған, шөп желкелер серісіне.
Ал бүгіннің жігіттері жігіт емес,
Жатпайды қылықтары ер есіне,
Сыйламай әке менен жан анашын,
Тірідей кіргізуде көр ішіне.
Білермін жастарымның бәріне емес,
Сөзім тиіп кетпесін бөрісіне.
Қайғыртқан намысшылды мына заман,
Шетінеді қанша байқұс шараналар.
Өкінбестен өлтірді нәрестені,
Бетің күйгір, жүзі қара аналар.
Сол сәбиге анаң жоқ деп кемсіткенде,
Жүрегіне қанжар кіріп, жараланар.
Минуттық нәпсі үшін қабіріңе,
Күнәлі күн туады қараланар.
Ал қаусаған қарттарым бүрсең қағып,
Жылы жерді таппай жүр паналанар.
Не болды? Қариялар дэп сұрасаң,
Көзінен жас төгіліп қапаланар.
Ей безбүйрек қоғамым,
Қайда барып тоқтарсың.
Салт-санасын ұлтымның,
Қай заманда жоқтарсың?
Еш пендені аямас,
Сенде зұлым сотқарсың.
Менде болам Шаханов,
Тіл дін үшін күрескен,
Менде болам көк бөрі,
Арыстанмен күрескен,
Дана болам даламда,
Надандармен тірескен,
Ақын болам жыр жазам,
Абайларға ілескен,
Намысымды бермеймін,
Қағылсамда үлестен.
Жыр жазамын еліме,
Азғындаған ар үшін.
Шындық айтып өлді деп,
Мені халық танысын.
Мадақ айтам асырып,
Отанымның қамы үшін,
Әлихандай, Қайраттай,
Қайта оянды арысың!!!
(с) Бақберген. Бағжан