Елін оятқан-елбасым Мың жылда бірақ рет туылғандай, Ей қазағым елбасың, ұлың қандай. Қарылдық ыстығына бодандықтың, Сол ыстығы бұл күндері суынғандай. Үш жүздің қостың қайта қара басын, Көзін сүрттің қан аққан қара жасын. Көктем шықты қайтадан жайқалайық, Оралтпай өткен ғасыр қарашасын. Тоқтатты салт-санамыз тоналғанда, Елім көшіп елеусіз жоғалғанда. Қайта оралтқан қазағымның қасиетін, Елбасыдай жан сірә бола алғанба? Рақмет! алғыс айтам, шүкір етем, Елбасыға қалайша күпір етем. Талқан болған өткенді ойлап тұрсам, Денемнен тоқ жүргендей тітір етем. Қол бұлғап қандастары алыстардан, Тәуелсіз елді көруден қалыс қалған. Бәйгеден суырылған сәйгүліктей, Озып шықты Отаным жарыстардан. Елбасыдай парасатты адам барма, Нүкте қойған нақұрыс замандарға. Сталин, Ленин емес әділетсіз, Пайғамбардай жан болған адамдарға. Болмайды жырды оған тәмәмдауға, Ел үшін патшамызда алаңдауда. Кей ақымақ саясатты білмеседе, Сайрайды елбасыны жамандауда. Жас елміз, жас Отанның орманымыз, 25 жыл, тәуелсіз ел болғанымыз, Әй қазағым елбасымыз аман болса, Құламайды ғұн шапсада қорғанымыз. Керей менен Жәнібек хандықтары, Әз Тәукенің құрған жеті жарлықтары. Қайта оянды алаштың арыстары, Қайта тұрды үш жүздің халықтары. Сұлтан болды атына, заты да сай, Хан көтерді қазағым салтына сай. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Ұлы дала патшасы, жалпыға сай!!!

Теги других блогов: әділет қазақстан елбасы