Қазағым...
Не көрмеді о заманда қазағым,
Қазақ үшін қанды өлең жазамын.
Әупірімдеп ел болдыңба еңселі,
Артқа тастап ұмытпас күн азабын.
Оралмасын ғасырлардан қиындық,
Жау келмесін алыстардан құйынғып.
Кешегі шашыраған қазақ елі,
Қайта тұрды жұдырықтай жиылып.
Қанша ғасыр шайқалдың, қанша жылдар,
Қыршынынан қиылды екен қанша сұңқар.
Төзіміңнен айналайын асыл елім,
Жау көп болды жағада сені құртар.
Айырылдық бауыр, әке, анадан да,
Қанды заман көз жасқа қарағанба.
Қанша қандас шекара асып көшіп кетті,
Сақтайық деп ұрпақты жан аманда.
Қасиетті, киелі елім менің,
Сен жабайы халықтың теңіме едің,
Кеңестің қайырымсыз қорлығында,
Сабырлықпен сақтанып жеңіп едің.
Бұрмалап тіліміз бен дінімізді,
Қараң қылдың құбылтып күнімізді.
Атейстік дәстүрді ұстаттырып,
Талай тарттың ей дұшпан жүнімізді.
Біз бөрі едік, бірақта қорғанатын,
Жылқыдай ек тигізер қолқанатын.
Қырандай ек әлемді шарлап өтер,
Қойдай болдық жұп-жуас қорланатын.
Таптар кімсің, ей дұшпан арымызды,
Кімсің сен?! ластай тұғын қанымызды,
Біз деген түркілерміз қарсы тұрып,
Отан үшін пида қылар жанымызды.
Аштық, қорлық, желтоқсан батты жанға,
Қайшы әрекет жасадыңдар қарсы заңға,
Қаншама арысымыз жазықсыздан,
Атылып өлтірілді қарсы алаңда.
Жем болған қырандай ек қара құсқа,
Ғалымжан, Қайрат өмір сүрген тұста.
Қарға баттық, таланып итінеде,
Аязы беттен ұрған қара қыста.
Қызыл ту, қызыл қан, қызыл алаң,
Көбейді халқымызда қайғы ылаң.
Аяусыз армияның езгісінен,
Қырылды қыршынынан қанша ұлан.
Болған жоқпын куәгер сол заманда,
Тарихы тастан қатты әр адамға,
Үңілсем сол тарихтың тереңіне,
Бейнесі елестейді дөп мағанда.
Ел боларек қорламаса дами тұғын,
Тиген жауды түгімен қари тұғын,
17 емес 70 миллион боларма едік,
Аласапыран болмас сүргін, қуғын.
Іздеріміз аяқ басар батырлардың,
Көсем, дана, күйші, жырау, ақындардың.
Қиындықтан алып шығар тосын кезде,
Отанын, отбасысын халқын бәрін.
Көк туым бар шүкір деймін бүгініме,
Болмайды өткенді ойлап түңілуге.
Бейбітпіз ғой, азатпыз, тәуелсізбіз,
Жол бермейміз енді жауға жүгінуге.
Тарихым бар 550 жылдан асқан,
Жазылғандай өшпейді қара тастан,
Қазақстан бұл менің жаңа Отаным,
Жаңа байрақ, жаңа күн, жаңа аспан.
Жазған: Бақберген. Бағжан.