Сәби махаббаты Ай, күнім) деп қараған, Айналайын анадан. Сені іңгәләп оятқан, Жыр-күте ғой баладан. Күте ғой үміт, жалықпа, Танытам әлі халыққа. Жаныңда болам жалықпай, Уақыт бөлмеймін сауыққа. Суретке сіңген бояудай, Махаббатымды жоя алмай, Анашым менде мың бақыт, Құшағыңда жатсам оянбай. Жетелеп шексіз ой-арман, Тағатты қалай қоя алам. Тағамдар болсын қаншама, Ақ сүтіңнен ғана тоя алам. Өзіңсің өмір мәніде, Көңілдің көктем сәніде, Еркелігім анашым, Басылмаған ғой әліде. Басылмас ана мәңгілік, Еркелік менде заңдылық, Күлкіңде сондай шуақты, Тұрғандай әсем таң күліп. Бақытын силап балаға, Тәрбие берген санаға. Анадай асыл жан болмас, Он сегіз мың ғаламда. Төгіліп көзден жасыда, Ауырар аздап басыда. Баланың бітпес уайымы, Мұң болады анада. Соғады біз деп жүрегі, Оң жақтан оның тілегі, Баладағы күйікті, Анада жақсы біледі. Жүргізіп тәй тәй қадамды, Емдейтін ауыр жараңды. Ана ғой, шіркін ана ғой, Түзетер сенің жағаңды. Шақпаған сырттай назында, Жайдарлығып жазында. Құлаққа сіңер әуені, Бесік жыры атты сазында. Шүкір мен өтіп күндері, Тәубемен өтіп түндері, Көрпесін тігіп көсіліп, Түтүлген түзу жүндері. Сабырлық толы бойында, Сәбиі жатқан қойында. Болашағы баланың, Күні-түні ойында. Анашым аққан бұлағым, Жұп-жұмсақ жайлы құрағым, Асыл анамның құшағы, Күнделікті тұрағым. Тоғыз ай мені көтерген, Қорғаған қатты бөтеннен, Адамзаттың асылын, Мәңгілік сыйлап өтем мен. Апарсамда Меккеге, Жеткізсемде көкке де, Қарызым менің өтелмес, Аста мейлі төкпеде. Ризашылығын ала-алмай, Батасын алып қала алмай. Кірмейсің мүлде пейішке, Анаңды риза қыла алмай. Жеткізсем ақын сөзіммен, Өлең арнадым төзіммен. Арнадым саған жан ана, Сәбилік сана сезіммен!!! (с) Бақберген. Бағжан