Өмірді ойла дейсің... Өмірді ойла дейсің, Менмінбе? Өмірді ойламаған, Тобықтан таяз кешіп, Түбіне бойламаған. Үтірмен жалғастырып, Нүктені қоя алмаған. Жоқ шығар сірә тағы, Өмірді ойламаған, Адамзат қызығына, Шектеусіз тоя алмаған, Өмір деген портрет, Бейнесі боялмаған. Өмір деген тарих қой, Еш пенде жоя алмаған, Әр пенде жолаушымыз, Жағасында аялдаған. Кемеде келер, Толқыныменен тербеліп, Келеді дәйім, Әр пенде үшін жерге еніп, Жүрміз ғой біздер, Жағада күтіп, сенделіп, Біреуміз жүрміз, Дайындалып, жеңденіп, Біреуміз жүрміз. Азды-көпті кемденіп, Келеді кеме, Кетеміз кезек мінгесіп, Қоштасармыз қимасақта, Келгенінде жерге еніп. Өмірді ойла дейсің, Дүние алмағайып, Ей пенделер, Ертерек қамданайық, О дүние бақыты бұйырмайды, Бола алмасақ құлға лайық. Шашыраған иманды, Жиып-жинап қолға алайық, Білемін, көкірегімде, Алла алдында толған айып, Сол айыпты жойардай, Бақыт берші бір ғажайып. Мүмкіндік берші тағыда, Күнәмда қалсын бір азайып. Өмірді ойла дейсің, Өмірді ойлар қақым бар, Өмірде қалған ақым бар, Өмірге айтар датым бар. Өмірде тоймас шіркін ай, Төгілген жақын жарқын бар, Жалғанын мейлі білсемде, Өмірге қатты қарқын бар. Кей кезде қатты түңілем, Көңілім күздей салқындар, Кей кезде қатты қуанам, Тапқандай таудай алтындар. Сонда да беу дүние ай, Уақытым менің сарқылар. Жылжыған уақыт бір күрек, Қазылып жатыр ақымдар!!! (с) Бақберген. Бағжан.

Теги других блогов: өмір ойлау бақыт