36 мектебіне арнау
Оқыдым, құшағынан қанат қақтым,
Бейнесін қалдыртып бала шақтың,
Фундаментін болсада қалап өттім,
Бастау алып мектебімнен болашақтың
Қимаймын, әлі күнге қия алмаймын,
Естеліксіз бұл фәниге сия алмаймын.
Айтып өтсем кітапті тауысады,
Қызығын мектебімнің тия алмаймын.
Алтын ұя мен онда құстай ұшқам,
Онда талай бақытты бірге құшқам.
Айналайын ұстазынан ұлағатты,
Мен оларды өзіме үлгі тұтқам.
Болып кеткен мен үшін анадайын,
Білсеңдер айтыңдаршы ана жайын.
Санама сіңіп қалған тәрбиесі,
Сол тәрбие тәлімімен қаланайын.
Білім берді болсада қатаңдығы,
Білінбейтін ұрыссада қаталдығы.
Қанша болсын, жамандыққа қимайды,
Тілейді ғой болсыншы деп қатарлыны.
Сыныбымның жетекшісі алтын адам,
Жайдарлы, жүзі нұрлы жарқын адам.
Ол үшін жазар едім поэмағып,
Жазбасам болайыншы жалпы надан.
Сыныбым бар бірге оқып, жарасқан,
Болуға әркез үздік үшін таласқан.
Күңіреніп келгенде көңілді ашып,
Жоғалтатын бұлттарында қара аспан.
Мақтанам ғой қайда жүрсем, болсамда,
Мейлі дағы жасым жүзге толсада,
Ұмытпаймын мектептегі қызықты,
Басыма қуаныш, қайғы қонсада.
Шығарам ғой әлі алысқа атыңды,
Естіртпеймін басқа өлкеге жат үнді,
Жүрегімде сақталасың мектебім,
Өшірмеймін жоғалтсамда хақымды!!!
(с) Бақберген. Бағжан.