Сабырлық керек! Монолог: Бүгінгі күн сондай суық, ызғарлы, Ашылсада төгіп тұр күн ызғарды. Жұмысыма бара жаттым жаяулап, Ойламайақ тоңу менен мұздауды. Көше бойлап келе жаттым асықпай, Иіріліп алшы тұрған асықтай, Ниетімді сабырлыққа толтырып, Жүрген жанмын мерейімді тасытпай. Есіме алдым кенет өткен шағымды, Оралтайын қайта есіме сағымды. Сол күндерді ойлап тұрсам ойпырмай, Іштей тынам, салқындатып қанымды. Сабырлықты өскен жанмын түсінбей, Тұрмаушы едім әр сәттерде күрсінбей. Қайтарушы ем әке анама он сөзғып, Бір сөз айтса беттен алып дүрсілдей. Сол күндерім сабақ болған жаныма, Шүкірлік жоқ әрбір атқан таңыма. Өзге жанның обалында елемей, Қалдым талай заманымның зарына. Тоя алмадым балалықтың балына, Иманымды жия алмадым тағыда. Есім кетіп есіріп Ібілістің, Отыруға сәл ақ қалдым тағына. Бауырларым бар еді менің байсалды, Мінездері сондай көркем, жайсаңды, Қорғандарым жаға түзер алдымда, Тепкенінде темір үзер қайсарлы. Қызба болдым, ұқсамадым оларға, Тілін алмай, зекіп сөйлеп соларға Тындырғандай болушы едім ерлік іс, Балап жүрдім болмас затты боларға. Бір күндері бір адамға кезіктім, Ол адамның имам екенін сезіппін, Менен сағат уақытында сұрады, Деп жүр екен намазыма кешіктім. Айта алмаймын уақытым жоқ айтатын, Кезім болды үйіме тез қайтатын, Жөніңе кет мазамды алмай әрі жүр, Ісін істеп жүрсің ғой сен сайтанның. Ақ жамылып, өтірік имам сен болма, Адасқансың діндік тура, сен жолда. Асықпаймын мен әзірге жаспын ғой, Асықсамда бола қоймаспын мен молда. Имам: Нестейін мен иманымды ласқылып, Таза жүрсем солда болар жақсылық. Ала жібін аттамадым ешкімнің, Біреулерді жүргенім жоқ масқылып. Біреулерді жүргенім жоқ қас қылып, Аға-бауыр, мейірімін тас қалып, Өзім салған жүрмін дара жолыммен, Ұққын соны ей бейбақ жан, жас жігіт. Намазым бар жібермегем қазалы, Оятады мешітімнің азаны, Менде де бер әке ана, жанұям, Пісіп тұрған үйге барсам қазаны. Барға тәубе, жоққа сабыр етемін, Сасық байлық керек емес, не теңім. Жағамнан ал, мейлі мені ұрғайсың, Сыртыңыздан сізге дұға етемін. Басып жүрме бауырым сен жазаны, Ашушаңдық бәрі артта калады, Мешітке бар, кітап оқы иманды, Айыртады ақ пенен жаман қараңды. Қызғаныш, нәпсі, ашу жеңбесін, Жақсы жақтан тисін пайда, елге ісің, Сынау үшін жіберген ғой Тәңірім, Тіршілік қып ету үшін пендесін. Ал кетейін таяп қалды уақытым, Алтындай ғой әрбір секунд уақытың. Сол уақытты намазбенен өткізем, Себебі ол жұмақ жолы, бақытым. Жөніне кетті сол бейкүнә бір адам, Алладан медет қолын жайып сұраған. Түніменен ойланып, бұл имамның, Асыл сөзін еске алып жылағам. Содан кейін өзгеруге тырыстым, Басын алып, аяқтадым бір істің. Кешіріммен қарайтындай адам боп, Өткіріндей болғым келді қылыштың. Уағыз тыңдап имамдардан күніге, Дәрет алдым таң атпастан жүгіре, Өткен күнді өлімдей ғып түсініп, Ұқсадым мен бүгін әрең тіріге. Абай айтқан кешегі сол бес жаман, Тек мен үшін атанады кек, харам. Ал сабырлық, басты менде ұстаным, Сабыр болса жоламайды дерт маған!!! (с) Бақберген. Бағжан.

Теги других блогов: монолог сабырлық қазақ поэзиясы