БЕС ПАРЫЗ
Үмметіміз Мұхаммед пайғамбардың,☝
Қатары бол Аллаға қол жайғандардың.
Сауаптың ең үлкені, нақты қадам,
Намаз оқып, сәждеге жайланғаның.
Ашылар орындасақ сегіз қақпа!
Ілінбей орындап өт қара даққа.
Бес парыз, мұсылманның бас міндеті,
Үйретер сабырлық пен салауатка.
Ие болғын Имам деген ғажап атқа,
Иманың толық болсын саламатта.
Жүрегің сауабыңмен толып тұрсың,
Зардабыңмен танылмай жаман атка.
Аллаға иман келтір шын ниетпен,
Берілгін мұсылман боп шын жүректен.
Уағыз айтқын, бойыңды тебірентер,
Өтетіндей ғылып сөз сүйектен.
Бес уақыт намаз оқы көптен қалмай,
Білесің ғой, ғұмырың өктем қандай.
Шайтанның амалдарын намаз жығар,
Күресте палуанды жыққан жандай.
Зекет бергін үшінші амал парызың да,
Өтеледі Алла алдында қарызың да.
Төзіміңді сынайтын Ораза бар,
Тазаланар күнәдан жаныңызда.
Қажыға бар қалыспай елмен бірге,
Бере бермес ол бақытты Тәңір күнде.
Дубай, Париж, Токио ға барғаныңша,
Аттанғаның артық болар Мекке еліне.
Алып кетер жүгің болмас көріңізге,
Атақ, абырой, мол байлық, мүлкіңізде.
Жаныңның шипасы ғой ҚҰРАН-КӘРІМ,
Емдейді түкке тұрмас дәрісізде!
Азанның әуенімен оянатын,
Күніңнің шапағымен боянатын.
Жан болайық әр нәрсеге нүкте қойып,
Дер кезінде нәпсіні жоя алатын!!!
Жазған: Бақберген. Бағжан.