Әке деген...
Әке деген асыл ғой,
Үш әріптен тұрсада,
Жүрегі жылы, мейірлі,
Қанша қатал болсада.
Әке деген тірегің,
Онсыз қирап, құларсың,
Әке деген жүрегің,
Соқпаса мәңгі сұларсын.
Болар биік қорғаның,
Кіре алмас, ешкім бұза алмас,
Болар тағы орманың,
Ішінде оның жүре алмас.
Ақылы бізге шипадай,
Жаныңа дауа береді,
Құшағын кең жайғанда,
Бір самал жел келеді.
Әке деген нұр екен,
Күннен де өткен сәулесі.
Құстай ұшып, жүгірген,
Баланың болса әуресі.
Бұл өмірде жоқ сірә,
Әкеңдей дана азамат,
Баса алмас орнын ешқашан,
Болсада алтын адамзат.
Қарылып ыстық, суыққа,
Біз үшін еткен еңбегін,
Әкең үшін сенде бір,
Парызын өтеп терлегін.
Қарызындай анаңның,
Әкеңнің бар парызы,
Алдарында мойымай,
Өтейікші парызды.
Кей жамағат кешігіп,
Жоғалтып ап жатады,
Қия алмайтын күндей боп,
Әкеңде мәңгі батады.
Балаға деген махаббат,
Әкеден ғана табылар,
Шалғайға кетсең ұзақ күн,
Сарылып сені сағынар.
Жол көрсетіп ең қиын,
Жетелер сені мұратқа,
Тек өзіңсің лайықты,
"Әке" деген ұлы атқа!!!
Жазған: Бақбергенұлы. Бағжан.