Бала өкініші... Монолог:
Тірімін бе, тіріге ұқсамаймын,
Өлімін бе, өліге ұқсамаймын.
Мен бейбақпын, өмірім өкінішті,
Терленбеген адамға тұз самайым.
Бере алмадым бақытты адам түгіл,
Ана мен әкемеде нағыз дүлділ.
Анасыз, әкесіз өтіп жатқан,
Тозақтай сезіледі күндерім бұл.
Қалайша түсінбедім әке зарын,
Қалайша түсінбедім ана жанын.
Өсіріп, ұшырып еді ұясынан,
Қақтырып қос қанатын балапанның.
Еркелік пен тоқшылықпен өсіп өндім,
Білмедім жоқшылықтың нағыз өзін,
Бейнетті көп көрді ғой әке анам,
Бір күн көрмей, бір түн ілмей қара көзін.
Оқу біттім үйтіп-бүйтіп тек үштікпен,
Көріне алмай озат шәкірт үздіктен.
Ақша төлеп ай сайын коледжге,
Лақтырдығои ата анам мың жүздіктен.
Жаралған ол ақшада маңдай терден,
Тағыда сол бейнетті әке көрген.
Болашақтың көрсетті ізгі жолын,
Қоңыз теріп калмасын деп ертең жерден.
Жылдар өтті 23 ке келген жасым,
Кездер еді домалатар өрге тасын,
Ата анам сәті келді, деп өтінді,
Біреу емес екеу болсын енді басың.
Менсінбедім ата ана таңдаған жар,
Қыз іздедім айдай сұлу қаладан нар.
Көп ұзамай қуыршақтай қыз таңдадым,
Тілі өткір, тәкәппәр, бейнесі бал.
Келін қылып алып келдік ауылыма,
Таныстырып ағайын, дос, қауымыма,
Ауылдың машақатын біраз көрді,
Қаланың жете алмай сауығына.
Жалғасы бар...
Жазған: Бақберген. Бағжан.