💫 Намазым! Анашым қайтыс болғанда, жүзін соңғы рет көру үшін... мазарға барған кезімізде, имам бұл тілегімізді қабылдамады. Табытты ашты, бірақ кебіннің басындағы бауларды ғана шешті. Мәйіт қабірге түсірілгеннен кейін қатар-қатар тақтайлар қойыла бастады. Енді оның дүниемен байланысы қалған жоқ. Тек істеген істерімен бірге қалды. Әрбір тақтайды қойып жатқанда, менің дүниеге деген сүйіспеншілігім жойылып жатқандай болды. Топырақ тасталып жатқанда, бұл дүниенің жалған екенін түсіндім. Мазардың беті топырақпен үйілген кезде, жүрегім екіге бөлінiп, көзiмнің алдына қасқағым сәтте, бұдан кейін, Анамсыз қалай өмір сүріп-сүрмейтiндігім белгісіз болып қалған еді. Біраздан кейін, біз ол жерден кеттік. АНАШЫМ...! Анашым жалғыздан-жалғыз қалды. Міне, сол кезде өз жағдайыма қарап, іштей қынжыла бастадым. «Анам топырақтың астында жалғыз қалды. Нағыз керек кезде, енді қасында ешкім болмайды. Олай болса, дүниеде әркімнің сөзіне еріп, «Сопы деп мазақтамасын» - деп, неге мен ғибадаттарымды жасамауым керек?” Үйге келген соң, апкемнен «Жайнамаз бар ма?» деп сұрағанымда, ол таң қалды. Оған: «Анам, ол жерде жалғыз қалып, есеп беруде. Апке, тәубе еттім. Мен жалғыз есеп беруден, қатты қорқамын» дедім. Ол қатты қуанды. Ғибадат жасауды бастадым. Бірақ, айналамдағы кейбір жолдастар, т.б адамдар, маған: «Әлi жап-жассың ғой, басың бос, бойдақ жiгiтсiң, қайта жасыңда ойнап-күліп қалмайсың ба, не болып кеттің, өмір сүріп қал» дей бастады. Не десем де, оларды сендіре алмадым. Сосын оларға былай дедім: 《Бұл жерде маған ақыл айтуларыңа болады. Егер мазарда да, мені жалғыз қалдырмайтындарыңа сөз берсеңдер, сендердің айтқандарыңды істейін》- деп, құлшылыққа бет бұрдым...!

Теги других блогов: намаз жизнь вера мазар