Әже
Немерең сағынуда, жабығуда,
Сарғайып бір өзіңсіз сарылуда.
Қайғыдан, шарасыздан, амалсыздан,
Жүрегім қақ айрылып жарылуда.
Әлі есімде кешегі кимешегің,
Ақ жаулық пен әжімің үйлесетін.
Бейнеңді тек суреттен көріп қана,
Жанымда жылағандай күй кешемін.
Тұрғандай таяғына сүйеніп ап,
Сұлбаңда елестейді өзіңдей тап.
Бала үшін, немере, шөбере үшін,
Болған едің бір ғажап киелі бақ.
Бас сұғып жылдар сайын қабіріңе,
Топырақ алып барамыз бәрімізде,
Жәннәттің төрі болсын мекеніңіз,
Деп тілейміз қол жайып Тәңіріме.
Шері ғой бұл жай ғана немеренің,
Ыстықтығы басылмас немереңнің.
Бір кезде шаңырақтың ошағы боп,
Құламайтын кеңдігі едің керегемнің
Соңғы бейне есімде жүзіңізде,
Көңілге сол кездерді қыстатқанмын.
-Кел шырағым, алақанды тосшы қане,
Дедіңде тәтті науат ұстатқансың.
Дәмі кетпей тұр әлі таңдайымнан,
Татырдыңба жоқ әлде балдайынан,
Мейірлі, шуақ шашқан жүзіңізбен,
Сүйіп едіз соңғы рет маңдайымнан.
Жанады, өртенеді күйіп ішім,
Болса екендеп армандаймын кейде түсім.
Амал нешік өмірдің жазымышы,
Бұра алмаймыз Алланың әмір ісін.
Жалғасы бар...
Жазған:Бақберген. Бағжан.