Ақын дейтін...
Түсінбейсің ақынды сен бауырым,
Ғасыр болар ақынды кең тануың.
Шешен сөзбен, ішкі жүрек түйіссе,
Бұлт боп ойнап, соқтырады дауылын.
Ақын дейтін шабытымен шыңдалар,
Өлең менен тарқатады мұңды олар.
Қызықпайтын поэзиаға жан барма,
Ғашық болған патша, байда, молдалар.
Керек болса қаламында колға алар,
Қамалады шыға алмайтын торға олар.
Бірақ түнде қырық өлең шығарып,
Бірақ түнде ойланып мың толғанар.
Ақындардың бәрі дара өмірде,
Құлшынысы бейім болар өмірге.
Өлеңді олар сәбиіндей әлпештеп,
Дақ түсірмей жеткізеді көңілге.
Қазағыма қара өлең арнаған,
Ақ парақ пен домбыра алып сарнаған,
Тілі, сөзі бәрі-бәрі қазына,
Кез болған жоқ ақын сөзге жармаған.
Ұлтымның нар қасқасы ақын Абай,
Көсем болған, шешен болған тілге калай,
Жүз жасаған Жамбыл ата өлеңмен,
Қол соқтырған Мәскеудің халқын талай.
Мұқағали поэзиа пайғамбары,
Жазғанда өлең, ойнаған көкте жайы,
Тілі үшін, діні үшін күрескен,
Шахановта нағыз қазақ майталманы.
Таусылмайды айта берсек қазақта ақын,
Шығарған жарты әлемге қазақ атын.
Ақын дейтін тасып аққан өзенғой,
Тағдырлары бір арнаға тоғысатын.
Өлеңдері өшпейді, жоғалмайды,
Кеткен ақын қайта өмірге оралмайды.
Әй бауырым есінде болсын ұмытпа,
Бір-біріндей ешбір ақын бола алмайды.
Жазған:Бақберген. Бағжан.